Әнші лирикалық әндерді нақышына келтіре орындауымен ерекшеленеді.
Осыдан 61 жыл бұрын (1963) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жігер» фестивалінің, Халықаралық «Азия дауысы» байқауының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері Мақпал Мұхамедиярқызы ЖҮНІСОВА дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында туған. Шымкент мәдениет институтын бітірген.
Өнер жолын «Гүлдер» ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы ретінде бастап, одан кейін «Қазақконцерт» бірлестігінің жанынан «Назерке» ансамблін ұйымдастырған.
Репертуарында қазақ халық әндерімен қатар, қазіргі қазақ композиторларының музыкалық шығармалары бар. Әнші лирикалық әндерді нақышына келтіре орындауымен ерекшеленеді.