11.01.2024, 10:40

Қазақ теннисшісі Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: ktf.kz

Бір сағат 13 минутқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар жұбы 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдасына жарата алды.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенс жұбымен шеберлік байқасты. 

Бірінші партияны қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен тәмамдады. Екінші сетте де дәл осы есеп (6:3) тіркелді. 

Бір сағат 13 минутқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар жұбы 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдасына жарата алды. Қарсылас дуэт 7 эйспен көзге түсті.

Енді олар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен күш сынасады.