Тергеу жүргізген жауапты орган олардың кінәлі екеніне күмән келтірмейді.
Шымкентте экс-полицейлер наразылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Екі бірдей ротаның қызметкерлерін антикор мен прокуратура пара бергені үшін жаппай жұмыстан қуған екен. Бірақ өздері тергеудің әділ жүрмегеніне сенімді. Айтуларынша, бірер мәрте өлім-жітімге деп жинаған ақшаны тергеушілер пара берді деп іске тіркеген.
Ол берген мәселем, бізде Серік дегеннің әкесі қайтыс болды. Оған ақша бергем. Одан кейін мәселе — Сайрамдағы, балалар үйіне ақша жинағанбыз. Оған да бергем. Иә, одан бөлек, былай, қолма-қол ақша бергем. 4-ші ротаның қызметкерлері осы жерде тұр, ол кісілердің, Әлімханов Қайрат дегеннің баласы қайтыс болған. Оған ақша жинадық, үлкен сомада. Одан кейін өзі де жол апатына түскен соң, оған да әжептәуір ақша жиналған, дейді ЖПП бұрынғы инспекторы Оразәлі Алтаев.
Мұндай уәж антикор мен прокуратураға өтпеген. Өйткені екі ротаның командирі мен 95 қызметкеріне жүргізілген тексеріс кезінде ақшаның өлім-жітімге емес, жүйелі түрде пара ретінде жиналғаны дәлелденіпті. Сөйтіп қос командир 7 жылға бас бостандығынан айырылса, басшылыққа үнемі ақша беріп жүргенін мойындаған 44 қызметкер жұмыстан қуылған. Наразылық білдіріп жүрген де осы қуылған қызметкерлер. Айтуларынша, қысым көрген соң амалсыз мойындауға тура келіпті. Десе де тергеу жүргізген жауапты орган олардың кінәлі екеніне күмән келтірмейді.
Әр кезекшілікке түскен кезде 5 мың теңгеден жиналған. Рота командиріне кезекшілікке түскені үшін. Өздерінің ішкі тәртіптері солай, заңсыз жинаған соң сотты боп отыр ғой.2-3 күнге демалысқа шыққан кезде, әр демалысқа шыққаны үшін 2 мың теңгеден жинап отырған ғой, рота командирі. Айына командирский деген болады, оған айына 10 мың теңге өткізген. Сөйтіп міндеттелген, сөйтіп өткізген, деді Шымкент прокуратурасы басқарма прокурорының орынбасары Адай Құтымов.