11.01.2024, 18:20

Елімізде ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады

Фото: primeminister.kz

Цифрлық платформаның функционалы барлық процесті, оның ішінде инвесторлар үшін Қазақстанда қолжетімді мемлекеттік қызметтерді толық қамтуға мүмкіндік береді.

 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу бойынша ақпараттық жүйе құруды көздейді.

Бұл барлық тарапқа – кәсіпкерлерге және мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне бірдей пайдалы болады деп күтілуде.

Цифрлық платформаның функционалы барлық процесті, оның ішінде инвесторлар үшін Қазақстан Республикасында қолжетімді мемлекеттік қызметтерді толық қамтуға мүмкіндік береді.

Инвестицияларды тарту мәселелерінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – Үкіметтің басым және өзекті міндеттерінің бірі.

Ұлттық инвестициялық платформа ең алдымен инвесторлар үшін әзірленіп жатқаны атап өтілді.

Ұлттық инвестициялық платформа көптеген процесті жеңілдетіп қана қоймай, олардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттырады деп күтілуде.

Осыған байланысты мемлекеттік органдарға платформаны іске қосуды жеделдету және жүйеге инвестициялық жобалар бойынша барлық деректі енгізу тапсырылды.