Жошы қазақ хандарының арғы атасы.
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында жаңа көптомдықтың негізінде Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығуды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанның көп томдық тарихы биыл аяқталады деп үміттенеміз. Жошы ұлысына қатысты да тың деректер көрсетіледі. Осы көп томдық кітап негізінде мектеп оқулықтарын қайта жазған жөн, Жошы қазақ хандарының арғы атасы. Мысалы, 6-7 сынып оқулығында бір абзац Моғолстан мемлекетіне арналған. 10-сынып оқулығында 4-5 жол ғана бар. Атақты Талас құрылтайы өткен ұлы Моғолстан жерінде Қазақ хандығы құрылғаны белгілі. Ендеше, бұл пәнді әдістемелік бірізділікке келтіріп, мемлекеттігіміздің қалыптасуын зерттеуге басымдық беру керек, - деді Дархан Қыдырәлі сенаттың жалпы отырысында.
Cонымен қатар депутат қазіргі мектеп оқулықтарында кейбір тарихи оқиғалар тым қысқа берілгенін атап өтті.
Мәселен тарихи Талас құрылтайы өткен, Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне 6-7 сыныпқа арналған оқулықта 1 параграф, ал 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі, - деді Қыдырәлі.