$ 443.44  480.51  4.88

Батыс Қазақстанда кәсіпкерлерден миллион доллар бопсалаған адам ұсталды

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ мәліметінше, күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.

Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды, - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары