Оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтерілуі болжанып отыр.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, Қазақстанда ақпан айында ауа райы тұрақсыз болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақпанда елдегі температуралық фон нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр. Алайда жекелеген күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді күн райы басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекова.
Бұдан басқа, келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың пайда болуымен жылымық ауа температурасының күндіз солтүстік облыстарда сәл ғана, ал оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтерілуі болжанып отыр.