13.01.2024, 01:30

Қазақстанның мемлекеттік сайттары жабылды

Фото: pixabay.com

13 қаңтар 13:00-ден бастап 14 қаңтар 9:00-ге дейін «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 

Қазақстанның мемлекеттік сайттарында техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, 2024 жылғы 12 қаңтар 13:00-ден бастап 13 қаңтар 9:00-ге дейін және 2024 жылғы 13 қаңтар 13:00-ден бастап 14 қаңтар 9:00-ге дейін «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жоғарыда айтқанымыздай, осы уақыт аралығында «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» жобасы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаймыз, – делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.