13.01.2024, 16:30

Балқаш көліндегі мұз үстінде балықшылар қалып қойды

Фото: astanatv.kz

Жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.

12 қаңтарда сағат 17:00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сағат 20:30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сонымен қатар жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.