14.01.2024, 01:30

Жетісу облысында жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7.

2024 жылдың 13 қаңтарында Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде, Жетісу аймағында, Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы MPV 4.6, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі. Текеліде үш балдық жерасты дүмпулері сезілді.