«Чарло, Лара, қайдасыңдар?»
Орта салмақ дәрежесіндегі WBA және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы өзінің салмақ дәрежесіндегі боксшыларды жеңуін тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы ол Twitter-дегі ресми парақшасында айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Qazaq Style" кезекті жолдауын WBC титулының иесі Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Эрисланди Лараға арнады. Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі ресми парақшасында:
"Мен чемпиондарды нокаутқа түсіргенді асыға күтудемін. Біреуін нокаутқа жібердім, енді екеуі қалды. Чарло, Лара, қайдасыңдар?", – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қараша айында өткізді. Винченцо Гуальтерриге қарсы жұдырықтасқан танымал боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, екі чемпиондық белбеудің иесі болған еді.