15.01.2024, 20:30

Ресейдің 46 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді

Фото: Pixabay

Ресейде коронавирусқа қарсы 10-нан астам вакцина шығарылған.

Ресейдің 46 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Қазақстан Телеарнасы-на сілтеме жасап. 

Науқастарға арналған ауруханалардың 90 пайызы толған. Ал мамандар ұзақ демалыстардан соң инфекция жұқтырғандардың саны тағы көбейеді дейді. 

Дәрігерлер ел ішінде қауіпті үш вирус жүргенін айтады. Жаңажылдық мерекелерден соң науқас күрт артқан. Елде тұрғындардың 60 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыратын екпе салдырған, дегенмен ауру дес бермей тұр.

Бір айда бірнеше рет вирус жұқтырған науқастар да анықталды. Сондықтан елде карантиндік шаралар қайтадан күшеюі мүмкін. Яғни, адам көп шоғырланатын жерлерге кіру үшін вирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру міндетті.

Ресейде коронавирусқа қарсы 10-нан астам вакцина шығарылған. Алдағы уақытта мутацияға ұшыраған жаңа вирустарға қарсы екпе дәріханаларға жеткізіледі.