$ 443.35  475.54  4.82

Ақтаулық бойжеткен арықтататын дәрі ішіп, жүрегі 5 минутқа тоқтап қалды

Қазір өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан Телеарнасы-на сілтеме жасап.

30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған. Нәтижесінде науқас клиникалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген. Қазір өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Дәріні ішкен екен. Ол арықтатуға, тәбетті тартуға көмектеседі деп. Жастар ғой, салмақ тастағанды өздеріне дәреже көре ма? Келгеніне бір 8 мин өтпей реанимировать етті баланы. Біздің мамандардың өте жоғары деңгейі дайындығы осы қызымның өмірінің жалғасуына себеп болды деймін, - деді қала тұрғыны Мейрамгүл Кенжебаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары