Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 725 техника және 1 372 адам жұмылдырылған.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық жолдардың 12 учаскесінде көліктердің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске:
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов кілттері» автожолының 46-66 шақырымы, Северное ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық – 79 шақырым.
Жамбыл облысында 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) – 79 шақырым.
Батыс Қазақстан облысында 10 учаске:
«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырымы, Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі аралық – 100 шақырым.
«Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» автожолының 0-213 шақырымы, Чапаево ауылынан Казталовка ауылына дейін – 213 шақырым.
«Өнеге-Бисен-Сайхин» жолының 0-103 шақырымы, Өнеге ауылынан Сайхин ауылына дейін – 103 шақырым.
«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» – 0-158 шақырым, Казталовка ауылынан Жәнібек ауылына дейін – 158 шақырым.
«Самара-Шымкент» тасжолының 195-251 шақырымы, РФ шекарасынан Орал қаласына дейінгі аралық – 56 шақырым.
«Самара-Шымкент» автожолының 261-393 шақырымы, Подстепное кентінен Жымпиты кентіне дейінгі аралық– 132 шақырым.
«Атырау-Орал» тасжолының 189-492 шақырымы, Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейінгі аралық – 303 шақырым.
«Орал-Теплое» жолының 5-33 шақырымы, Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі аралық – 28 шақырым.
«Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолының 0-36 шақырымы, Подстепное кентінен Федоровка ауылына дейін – 36 шақырым.
«Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі» жолының 0-14 шақырымы, Подстепное кентінен Құс фабрикасына дейінгі аралық – 14 шақырым.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 725 техника және 1 372 адам жұмылдырылған.