$ 444.14  477.05  4.85

Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлымен бокс кешін өткізуге ұсыныс білдірді

Ол былтыр желтоқсан айында Алматыда жекпе-жек өткізіп, жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңді. 

Фото: zhankoshturarov
Фото: zhankoshturarov

Кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров орта дивизионда IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері  Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) бірге жекпе-жек өткізу туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәнібек Әлімханұлы бауырым екеуміз бірігіп, елде үлкен бокс кешін ұйымдастырсақ қалай қарайсыздар?, – деп жазды Ж.Тұраров Instagram парақшасына.

Еске салсақ, Жанқош Тұраров соңғы рет былтыр желтоқсан айында Алматыда жекпе-жек өткізіп, жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңді. Ал Жәнібек былтырғы жылдың қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді нокаутпен ұтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары