18.01.2024, 16:40

Алматыда мектеп бухгалтері 57 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: NewTimes.kz

 

Ал мемлекетке келген шығын қайтарылмаған.

Алматыда мектеп бухгалтері 57 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Білім ордасының есепшісі 2021-2022 жылдар аралығында өзінің жеке есепшотына 50 млн теңге аударып алғаны анықталған. Бұдан өзге 7 млн-нан аса қаражат қолды болған. Осыдан кейін қызметкер жұмыстан шығып кеткен, деп жазды Qazaqstan.kz.

Ал мемлекетке келген шығын қайтарылмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеумен қалалық экономикалық тергеу департаменті айналысып жатыр. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.