$ 439.43  473.31  4.82

Астанада жеңіл атлетикадан өтетін турнирге үш елден 120 спортшы қатысады

Турнирдің ашылу салтанаты сағат 09.45-те өтеді, ары қарай жарыстың өзі басталады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

21 қаңтарда елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан INDOOR RUN ASTANA 2024 жыл сайынғы жабық кешендегі турнир өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Турнирдің мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және халық арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Жарысқа 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, эстафеталық жүгіру (микст) және нокаут жарысы сияқты түрлері кіреді.

Оған қатысуға Ресей, Ұлыбритания және Қазақстан сияқты елдердің 23 желаяқ клубынан 120-дан астам әуесқой спортшы өтінім берді.

Сондай-ақ, жарысқа зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының командасы қатысады.

Турнирдің ашылу салтанаты сағат 09.45-те өтеді, ары қарай жарыстың өзі басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары