19.01.2024, 16:20

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары күдікті конверт алып, басы дауға қалды (ВИДЕО)

Фото: Pixabay

Дерек бойынша қызметтік тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Желіде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қандай да бір конверт алып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

«Жаңа жыл қарсаңында негізгі сыйақыдан бөлек, 2-3 жалақы көлемінде қосымша сыйақы алған «ӘКК Ақтөбе» АҚ кейбір қызметкерлері қаражатты компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасарына тапсырды. Ал ол жиналған қаржыны Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының көмекшісіне берді», - деп жазылды видео сипаттамасында.

Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.