$ 443.35  475.54  4.82

Теміртау қаласында төтенше жағдай жарияланды

Дауылдың салдарынан зардап шеккен қалған тұрғындар үшін бір ай ішінде құжаттама жиналады.

Фото: wikimedia
Фото: wikimedia

Теміртауда жергілікті ауқымды табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.

16 қаңтарда Шет және Абай аудандарында ТЖ жарияланған болатын. Ал, Теміртау қаласы қарастырылып жатқан еді. Осы күні қатты желдің екпіні қалалардың кейбір аудандарын электр қуатынсыз, жылусыз және сусыз қалдырды. Сонымен қатар, жел бірнеше ғимараттың шатырын бұзды.

Әзірге Теміртауда бір ғана жағдай тіркелді. Алайда, тұрғындарға өтінім беру үшін бір ай уақыт беріліп отыр.

Боранды желдің салдарын және ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, ТЖ басқармасының табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы ұсынысы қаралды. Бұдан басқа, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ атына автомашиналар жиналуы мүмкін жерлерде уақытша бұрылыстарды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жіберілетін болады. Хаттамалық ұсынымдар мен шешімдер барлық жауапты мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға жіберіледі, - деді қала әкімі Ораз Таурбеков қалалық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында.

Содан кейін әкімдік ТЖ режимі енгізілгенін хабарлады. ТЖ жариялау туралы акт 15 қаңтарда тіркелді. Ол бойынша 10 қаңтарда желден зардап шеккен үйлердің шатырларын қалпына келтіруге көмектесетіндігін айтты.

Шатырдың бұзылу фактісін растауға өтінім қалдыру үшін тұрғындар өздерінің басқару органына, мысалы, ПИК-ке жүгінуі немесе бүкіл үй тұрғындарының қолдарын жинап, өтінішті әкімдіктің кеңсесіне апаруы қажет. Осыдан кейін шатырды ТЖБ қызметкерлері мен комиссия тексереді. Егер желдің бұзылу фактісі расталса, онда шатыр бюджет қаражатынан қалпына келтіріледі.

Қатты желдің салдарынан Теміртауда ауданы 22 шаршы метр болатын № 16 мектептің шатыры бұзылды. Айта кету керек, бұл бір ғана тіркелген факт. Дауылдың салдарынан зардап шеккен қалған тұрғындар үшін бір ай ішінде құжаттама жиналады. Жөндеу жұмыстары жарияланған ТЖ шеңберінде бюджет есебінен жүргізілетін болады, - деді қала әкімінің орынбасары Ринат Қадырбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары