$ 439.43  473.31  4.82

Венгрияда өтіп жатқан турнирде қазақстандық үш боксшы келесі айналымға шықты

15 қаңтарда басталған турнир жексенбі күні аяқталады.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшылар Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкай мемориалында өнер көрсетіп жатқан ұлттық құраманың үш боксшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Турнирде қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шыққан болатын. Олардың үшеуі келесі айналымға өтсе, біреуі жеңіліп, жарысты аяқтады.

Мәселен, 54 келідегі Кенже Мұратұлы қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты келесі кезеңге жолдама алса, 57 келідегі Асылжан Серікбай украиналық Олег Чулячеевтен мықты екенін көрсетті. Ал 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов те жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты. Оның венгриялық қарсыласы екінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

Сондай-ақ, 92 келідегі Данияр Рахымбердинов Венгрия боксшысы Левенте Кистен ұтылған.

Бұған дейін 60 келідегі Бейбарыс Жексен моңғолиялық қарсыласынан, 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов пен 71 келідегі Сабыржан Аққалықов Венгрия боксшыларынан басым түскен болатын. 

75 келіде Диас Молжігітов есе жіберіп, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. 

15 қаңтарда басталған турнир жексенбі күні аяқталады. Бұл сынға Қазақстаннан 14 боксшы аттаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары