$ 443.37  474.49  4.83

ШҚО-ның таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі сақталып отыр

Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында алдағы күндері қар көшкіні жүруі мүмкін, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20-22 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қардың жиі жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары