$ 443.37  474.49  4.83

Australian Open: жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне осыдан кейін Әмір қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3.

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары