20.01.2024, 14:30

Тоқаев ел тарихындағы тұңғыш жасөспірімдер олимпиадасының чемпионын құттықтады

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Мемлекет басшысының тілегін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли жеткізді.

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысының тілегін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли жеткізді.

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі, - делінген Берік Уәлидің Facebook-тағы жазбасында.