21.01.2024, 07:30

Қазақстанның бірқатар аймағына дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады.

Синоптиктердің болжауынша, бірқатар аймақта жел соғып, көктайғақ, тұман болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Оңтүстікті, Алматы облысының таулы аймақтарын тұман басады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде кей жерлерде тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

20 қаңтарда сағат 21.00-ден 21 қаңтарда 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейлі жағдай туралы ескерту күшінде қалады. 20 қаңтар сағат 21.00-ден 21 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Семей қаласында болатын қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейдегі жағдай туралы ескерту сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфера ауасының беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.