$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық балуандар Францияда өткен жарыстан жүлделі оралды

Қазір күрес түрлерінен ел құрамасы еншісінде 2024 жылғы Париж Олимпиадасына 2 жолдама бар.

 

 

Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы
Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен өткен Henri Deglane (Анри Деглан) гран-при сайысында қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған жарыста еркін күрес шеберлері ел намысын қорғады. Олардың қатарынан Әбдіманап Байгенжеев (92 келі) күміс алса, Рифат Сайботалов (70 келі) пен Ерхан Бексултанов (79 келі) қола жүлдегер атанды.

Анри Деглан 1924 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиадада 82 келі салмақта чемпиондық атақты жеңіп алды.

Айта кетсек, күрес түрлерінен Азия чемпионаты мен алдағы рейтингілік турнирлерге қатысатын балуандар ел біріншілігінде анықталады.

Қазір күрес түрлерінен ел құрамасы еншісінде 2024 жылғы Париж Олимпиадасына 2 жолдама бар.

Оның біріне еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 келі) қол жеткізсе, тағы біреуі грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 келі) еншісіне бұйырды.

Ендігі кезекте күрес түрлерінен қазақстандық балуандар екі іріктеу турниріне қатысады.

Оның алғашқысы — 19-21 сәуір күндерінде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында құрлықтық іріктеу турнирі болса, екіншісі - Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін әлемдік іріктеу турнирі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары