22.01.2024, 11:20

Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды

Фото: kaztag.kz

Ол 2023 жылдың мамыр айынан бері қамауда.

 

 

 Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мырзахметовтың ісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қаралып жатыр: қылмыстық құқық бұзушылыққа шақыру, аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдар тобында пара беру, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі алаяқтық.

Еске салсақ, Абылай Мырзахметов 2023 жылдың мамыр айынан бері қамауда.