$ 494.87  520.65  4.91

Australian Open: Жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.

Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6).

Шешуші, үшінші партияда Ә.Омарханов 5:3 есебімен алға шықты.

Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова аустралиялық Талья Кокиниске жол беріп, алғашқы айналымнан аса алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары