Аталған спортшылар былтыр да осындай нәтижемен қуантқан болатын.
Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде қазақ спортшылары командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшелері Богдан Лукир, Георгий Тинников, Ғабиден Мұстафин және Алесксей Касаткин финалда жарыс қожайындарына ғана есе жіберді.
Аталған спортшылар былтыр да осындай нәтижемен қуантқан болатын.
Айта кетейік, қазіргі таңда шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Халықаралық семсерлесу федерациясының командалық рейтингінде алғашқы алтылыққа енеді.