$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланатын болады

Алдағы уақытта дабыл түймесін орнату да қарастырылып жатыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда жүргізуші отыратын орын арнайы қоршалатын болады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, алдағы уақытта дабыл түймесін орнату да қарастырылып жатыр. 

Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз, - деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Басқарма басшысы бұл мәселелер 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қарастырыла бастағанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары