$ 441.66  475.14  4.86

«Ғимараттар бүлінген жоқ»: Министр Алматыдағы жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

Фото: ҚР Үкіметі
Фото: ҚР Үкіметі

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында Алматыдағы түнгі жер сілкінісінің алдын ала мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сейсмологиялық бақылаулар мен зертетулер ұлттық орталығының дерегі бойынша, 23 қаңтар түнгі сағат 0.09-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Таңғы сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 3 елеулі сейсмикалық жағдай тіркелген. Алматы қаласындағы максималды сезілуі — 5 балл, Шымкент қаласында, Жамбыл облысында 2-3 балл, Жетісу облысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша бүлінген ғимараттар мен құрылыстар болған жоқ, — деді Сырым Шәріпханов.

Еске салсақ, қаңтардың 23-інен 34-іне қараған түні Алматыда жер сілкінді.

Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен. Салдарынан үрей бой алдырған тұрғындардың бір бөлігі қаланы тастап шығуға бекінген. Мұның арты көлік кептелісіне ұласып, жанармай бекеттерінде кезек туындаған. Халық арасындағы байбаламды пайдаланып такси бағасын бірнеше есе көтеріп жіберу фактілері де тіркелген.

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның бес облысында сезілген.

Жер сілкінісі кезінде Алматы қаласында 8 адам зардап шекті, бір тұрғынның жағдайы ауыр.

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары