Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.
Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға кеше кешкісін болды. Сағат 18:30 шамасында үйінен өз-өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.
Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.
Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.
Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген басқарма ақпаратында.
Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай Еңбекші аудандық полиция басқармасында тіркелгендігін мәлімдеді.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық экспертиза тағайындалған.