$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды

Бұл дәріні бүгінде 15 адам қабылдап жатыр. 

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, дәріні қазақстандық ғалым жасап шығарған. 

Дос Сарбасов деген атақты биотехнолог, ғалым бар. Ол Техас университетіндегі Андерсон онкологиялық орталығында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді. Қазір Қазақстанға оралды. Дос ағамызға үлкен алғысымызды айтамыз, - деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ, министр бұл дәріні бүгінде 15 адам қабылдап жатқанын айтты. 

Қазір ол – ұлттық зертхананың басшысы. Бүгінде биотехнолог болғанына қарамастан онкология саласында жұмыс істейді. Қолымда тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған DVC атты онкологиялық дәрі-дәрмек тұр. Қазір осы дәрімен 15 кісі емделіп жатыр. Олар – Алматыдағы онкология және радиология институтында, - деді министр.

Саясат Нұрбек жаңа дәрі қатерлі ісіктің жасушаларын жоятынын атап өтті.

Біз бірінші клиникалық кезеңнен өттік. Қазір оның нәтижесін жинақтап жатырмыз. 1-2 жылдың ішінде нарықта тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған онкологияға қарсы дәрі пайда болады деген үміттеміз. Дос Сарбасов жасушаларды зерттейді. Ол (қатерлі) ісік жасушаларының қорыту процесін бұзатын дәріні ойлап тапты. Нәтижесінде бұл жасушылар «аштан» өледі. Бұл – онкологиялық аурулармен күресудің тың әдісі, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары