$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бөлігі мемлекетке қайтарылды

Сотта кешеннің заңсыз сатылғаны расталған.

Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотта кешеннің заңсыз сатылғаны расталған. Сатылған кезде қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарт талаптарын сақталмаған. Міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзексіз есеп көрсетілген.

Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нұрсұлтанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және "Astana Finansial Group" ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болған. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары