Бұл қызметке дейін ол ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарған.
ІІМ-де кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Рolisia.kz мәліметінше, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы қызметіне Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін басқарған.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Бұған дейін ол Шымкент қаласы және Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарған.
Сондай-ақ Жетісу облысы полиция департаментінің басшысы қызметін Сарқытбай Құсайынов атқаратын болды. Бұл қызметке дейін ол ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарған.