$ 494.87  520.65  4.91

Ресей СІМ ресми өкілі Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға пікір білдірді

«Абай бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал».

Фото: instagram.com/tina_kandelaki
Фото: instagram.com/tina_kandelaki

 Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбек Смадияровты Мәскеуге шақырған еді.

Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал, – деп жазды журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға пікір білдірді.

Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек, – деді Мария Захарова.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров «Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды» деген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары