$ 494.87  520.65  4.91

Депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтатуды сұрады

Шүкіжанова Орталық сайлау комиссиясына өзінің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап өтініш берген.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Мәжіліс Республика партиясының депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігін тоқтату мәселесін қарайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды.

Шүкіжанова Орталық сайлау комиссиясына өзінің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап өтініш берген.

Парламент мәжілісіндегі депутат Д.А.Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Динара Шүкіжанова VIII сайланған мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Республика партиясының теңтөрағасы Динара Шүкіжанованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап арыз жазғаны рас. Бұл туралы ертең палатаның жалпы отырысында хабарланады. Алайда ол әлі күнге партияда, партияның теңтөрағасы. Орталық кеңес мүшесі Динара Шүкіжанова партия қызметіне араласып, Қазақстан халқының игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр, – делінген «Республика» партиясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары