$ 494.87  520.65  4.91

Антикор Нұрәлі Әлиевке қатысы бар зілзаланы ескерту жүйесін тексеруді бастады

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу органы ретінде тексеру жүргізуге құқы жоқ.

 

Фото: tn.kz
Фото: tn.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне қатысты жағдайды тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам белсенділерінің үндеуін тіркегенін хабарлады.

Біз ақпараттан хабардармыз, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың жазбасын оқыдық. Осы факті бойынша агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қоғамдық бірлестіктің өтінішін тіркеді. Тексеру үшін уәкілетті органға жіберілді. Олардың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, ол туралы БАҚ пен жұртшылыққа хабарланады, – деді ресми өкіл Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу органы ретінде тексеру жүргізуге құқы жоқ.

Біз материалдарды тиісті уәкілетті органға тексеруге жіберіп жатырмыз. Бұл мемлекеттік аудит департаменті болуы мүмкін. Осы тергеуден кейін тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылдаймыз, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын жазған.

Енді 1,1 млрд теңге тұратын зілзаланы ерте ескерту жүйесі қызметін ұсынатын компания Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевке тиесілі екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары