24.01.2024, 18:20

Президент Алматыға барды

Фото: Ақорда

Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.