$ 439.43  473.31  4.82

«Әлі сене алар емеспіз»: Қола медаль тағынған хоккейшілер қуанышымен бөлісті

Қола медаль үшін өткен матчта Қазақстан командасы Австриядан басым түсті. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

25 қаңтар күні 3х3 хоккейден Қазақстан командасы Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі басты матчтан соң хоккейшілер жеңіске қатысты пікір білдірді. Бірі қақпашыға алғыс айтты.

Команда өте жақсы ойнады. Соңына дейін берілген жоқ. Барлығын соққылар шешті. Ануар Ахметжанов бес соққыны қайтарды. Қақпашымыз өте жақсы ойын көрсетті. Көп шайбаны алып шықты. Матчтың үздік ойыншысы атағына лайық. Біз ең соңына дейін шайқастық.

Енді бірі жас спортшыларға үлгі болу керегін жеткізді.

«Қазір біздің хоккейдегі өз кумирлеріміз бар. Енді біз жас спортшыларға үлгі болуымыз керек». 

Сонымен қатар хоккейшілер елге келген соң бұл жеңісті атап өтетіндерін айтты. 

Бұл керемет болды! Сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сене алар емеспіз. Енді бұл жеңісті атап өтеміз. Елге келген соң, қола жүлдегер атанғанымызды мақтан етеміз. 

Айта кетелік, қола медаль үшін өткен матчта Қазақстан командасы Австриядан басым түсті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары