$ 494.87  520.65  4.91

3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды

2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Өткен жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары