$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның Жапониямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылы 2,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония СІМ Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі, Елші Масаки Икегамимен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сұхбаттасушылар жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретін биікжәне жоғары деңгейлердегі сапарлармен алмасу маңыздылығына тоқталды. Ағымдағы жылы өтетін бірлескен іс-шаралардың күн тәртібіне, оның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Тараптар жасыл экономика, цифрландыру, көлік және логистика сияқты салалардағы инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға баса назар аударуды жалғастыратыны туралы уағдаласты.

Айта кетейік, Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 7,8 млрд. доллардан асатын Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылы 2,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары