$ 444.14  477.05  4.85

Стенд атудан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте екінші орын алды

Азия чемпионатына Қазақстаннан 18 спортшы қатысты. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан командасы 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандық мергендер қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Алтын медаль: Мария Дмитриенко, Әлішер Айсалбаев (трап, аралас жұптық сын), Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пенков (скит, командалық жарыс), Никита Моисеев, Богдан Конченко, Никита Чикулаев (трап, командалық жарыс).

Күміс медаль: Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко (скит, аралас жұптық сын).

Қола медаль: Мария Дмитриенко (трап, жекелей сын), Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова (трап, командалық сын), Илья Пеньков (скит, жекелей сын), Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко (скит, командалық сын).

Азия чемпионатына Қазақстаннан 18 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, ешбір спортшымыз лицензияға қол жеткізе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары