26.01.2024, 15:00

Жәнібек Әлімханұлы тағы бір чемпионды жекпе-жекке шақырды

Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақ боксшысы үш бірдей белбеуді сарапқа салып, супер жекпе-жек өткізуді ұсынып отыр.

 

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы салмақта WBA чемпиондық титулына ие кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ боксшысы үш бірдей белбеуді сарапқа салып, супер жекпе-жек өткізуді ұсынып отыр.

«Лара, қайдасың? Кел, төбелесейік! Биыл менде төрт титулдың бәрі болуы керек. Сен нағыз чемпионмен төбелесуің керек», - деп жазды Жәнібек X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кету керек, Эрисланди Лара 30 наурызда австралиялық боксшы Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) жұдырықтасады. Кубалық боксшы 2022 жылдың мамыр айынан бері рингке шықпаған.