26.01.2024, 15:20

Майқайыңдағы автобус апаты: тергеу нәтижесі жарияланды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеген.

 «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі жарияланды. Соған сәйкес, комиссия 7 жауапты адамды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болды, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.

Тергеуге 4 сараптамалық ұйым, оның ішінде Ресей сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізді. Сонымен қатар комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеген.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша апаттың себептері:

жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау; «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмағаны; блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмағаны.

Сонымен қатар бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмеген. Ал тау массасы кенеттен опырылып түскен.

Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.

Апат болған жерде авариялық-құтқару жұмыстары оқиға болған сәттен бастап демалыс күндерінсіз жүргізілуде. Топырақтың геосканизациясы жұмысы мерзімді уақытта жүргізілуде. Жұмыстар өте қиын жағдайларда жүргізілуде. Тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар.