26.01.2024, 17:00

Ринат Зайытов жеке шығармашылық кешін өткізеді

Фото: әлеуметтік желі

Кеш түгелдей жанды дауыста өтеді.

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыда шығармашылық кеші өтетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, хабарландыру жасады.

Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты, -деп жазды ақын.

Оның айтуынша, кеш түгелдей жанды дауыста өтеді. Конертте қазақ сахнасының жұлдыздары Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, Заман тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев ж.т.б Алатау ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды.