26.01.2024, 21:30

Әбиба Әбужақынова Португалиядағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

Фото: instagram.com/abiba48

Алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.

Португалияда дзюдодан жылдың алғашқы ресми жарысы Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

El.kz мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ. Қазақстан сапынан сынға түскен екі спортшы турнирді аяқтады. Ол 60 келідегі Дәурен Сүйеукенов бірінші белдесуде жапон балуанына есе жіберсе, 66 келідегі Нұрсұлтан Зайзағалиев тыйым салынған әдіс жасағаны үшін жарыстан шеттетілді.

Ал 48 келідегі Әбиба Әбужақынова мен 66 келідегі Жанарыс Рахметқали келесі кезеңге өтті.