$ 441.66  475.14  4.86

Қазақ тұлпары Дубайда өткен жарыста тағы да жеңіске жетті (ВИДЕО)

Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы БҚО бәйге федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары