$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдей ме?

Қазақстан мен Еуроодақ қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультацияларды өткен жылдың мамыр айында бастауға келісті.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускаспен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келіссөздер барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан азаматтары үшін ЕуроОдақ елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші раундын өткізуді талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің негізгі кезеңдері:

  • виза алу үшін құжаттардың бірыңғай тізімін енгізу;
  • консулдық алымдарды азайту;
  • өтінімдерді өңдеу уақытын қысқарту;
  • көп мәртелік визалардың әрекет ету мерзімін ұлғайту.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстан мен Еуроодақ қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультацияларды өткен жылдың мамыр айында бастауға келісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары