$ 494.87  520.65  4.91

«Кім көрінген келетін болды». Астанаға келетін халық депутаттың ашуына тиіп жүр

«Блок-бекет қойыңдар, бітті!», деді ол.

Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

«Астанаға кім көрінген келетін болды». Осылай деген мәслихат депутаты елорданың кіреберісіне блок-бекет орнатуды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Аймақтардан Астанаға ағылған көш Азамат Айтқожиннің шымбайына батып жүр екен. Ал блок-бекет сол миграцияны реттеудің жолы дейді депутат.

Кім көрінген келеді. «Маған пәтер керек», «маған анау керек, мынау керек». Блок-бекет қойыңдар, бітті! Бәрі Астанаға ағылады, Астана созыла беретін резеңке емес қой, - деді Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтқожин.

Астанаға көшті тыю мәселесі осылай ауық-ауық көтеріліп жүр. Небір мәлімдеме көбейген соң, бірнеше ай бұрын ғана қала әкімі еліміздің бас қаласына кез келген қазақстандық тұрақты тұруға келе алады деп мәселеге нүкте қойғандай болған. Дегенмен бұл тақырып қайта қозғалып отыр.

Мәслихат депутатының тағы дау тудырған ұсынысына бұл жолы көші-қон комитетінің төрағасы жауап берді. Еңбек мигранттарына келер болса, жергілікті әкімдіктерге еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жұмысшы тартуға квота берілген дейді Асқарбек Ертаев. Ал урбанизацияны, депутат айтқандай, блок-бекетпен тежеу мүмкін емес.

Блок-бекеттерге келетін болсақ, бұл мәселе ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады. Ал жалпы мигранттар Астанаға квотамен келеді. Оны әкімдік белгілейді. Қандай да бір бақылаусыз ,көші-қон ағыны бар деген мәселе жоқ, Астанаға келетін барлық еңбек мигранты квота бойынша реттеледі, - деді ҚР Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары