$ 442.05  474.14  4.74

«Месси әлде Роналду?». Қазақстандық футболшылар кімді таңдайтынын айтты (ВИДЕО)

«Астана» футбол клубының ойыншылары Біріккен Араб Әмірліктерінде маусым алды оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Фото: Nicolò Campo / Getty (vedomosti.ru)
Фото: Nicolò Campo / Getty (vedomosti.ru)

Елордалық "Астана" футбол клубының ойыншылары "Месси әлде Роналду мықты ма" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордалық команданың ойыншыларына "Барлық уақыттағы ең үздік ойыншы кім? Месси әлде Роналду?" деген сұрақ қойылған еді. Футболшылардың басым көбі португалиялық спортшыны таңдады. 24 ойыншының 15-і Роналду десе, 9 футболшы ғана Месси деп жауап берді. 

Айта кетейік, "Астана" футбол клубының бапкерлер штабы мен ойыншылары 14 қаңтардан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде маусым алды оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары